Ливаннан 41 қазақстандық елге жеткізілді
Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеуіне байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ливаннан Қазақстан азаматтарын және олардың отбасы мүшелерін елге эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды.
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, аталған операция Ыстамбұл және Дубай арқылы ұйымдастырылып, 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматыға 41 адам аман-есен жеткізілген.
Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан азаматтарының құқығы мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді, - деп хабарлады министрлік.
Айта кетейік, бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты министрлік қазақстандықтарға аталған өңірдегі ахуал тұрақтанғанға дейін Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуға кеңес берген еді.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ