присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

«Ливерпуль» клубы сатылымға қойылды

08 қараша 2022 17:07
«Ливерпуль» клубы сатылымға қойылды

Америкалық FSG компаниясы Англияның «Ливерпуль» клубын сатылымға шығарды.

The Athletic басылымының хабарлауынша, клубқа иелік ететін Fenway Sports Group компаниясы команданы сатып алғысы келетін инвесторлардың ұсыныстарын қарастыруға дайын отыр. Компания инвесторлар үшін клуб туралы презентация дайындап қойды. Клубты сатуға Goldman Sachs және Morgan Stanley банктері көмектеседі.

Басылымның мәліметіне қарағанда, клубтың иелері команданың стадионы «Энфилдті» қайта құру мен жаңғыртуға 218 млн доллар инвестициялаған. Сонымен бірге  Кирбиде 57,4 млн долларға жаңа жаттығу алаңын салған.

Fenway Sports Group 2010 жылдан бері «Ливерпульге» иелік етеді. Команда осы компанияның иелігінде 30 жыл ішінде алғаш рет ағылшын премьер лигасының (АПЛ) чемпионы атанып, Еуропа чемпиондар лигасында жеңіске жетті.

Қазір «Ливерпуль» ағылшын премьер лигасында 13-турдан кейін 19 ұпаймен 13-орында келе жатыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру