присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

LRT құрылысын аяқтау үшін тағы 150 млрд теңге керек - Көлік министрі

28 қараша 2023 11:24
LRT құрылысын аяқтау үшін тағы 150 млрд теңге керек - Көлік министрі

Бүгінде Астанадағы LRT құрылысын аяқтауға тағы 150 млрд теңге сұрауды жоспарлап отырмыз. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.

Оның айтуынша, биыл LRT құрылысына 52 млрд теңге бөлінген.

Жақында БАҚ-тан құрылысқа бұл ақшаны енді сұрап жатыр деген ақпаратты оқыдым. Жоқ, мәселе мұнда емес. Жыл басынан бері бұл қаражат (52 млрд теңге, – автор) бөлінген. Бүгінде іргетас қазығын қағу жұмысы 96%, ал негізгі тіректерді орнату жұмысы шамамен 76% аяқталды. Құрама конструкцияны бір-біріне қосу жұмысы 82% аяқталды. Бұл – биыл істелген жұмыс, - деді Марат Қарабаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министр LRT құрылысын аяқтау үшін тағы қомақты қаржы керектігін атап өтті.

2024 жылы LRT құрылысына (тағы) бюджеттен шамамен 45 млрд теңге бөлу мәселесін тақылап жатырмыз. Бұл қаражат құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыру үшін керек. Қазір құрылыста 1500 адам еңбек етіп жүр.

Егер жұмыс көлемі ұлғайса, құрылыс командасы жүктелген міндетті орындаса, құрылыс-монтаж жұмысының қарқынын үдете алсақ, онда тағы 150 млрд теңге сұраймыз. 2025 жылы нысанның құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру