Маңғыстау облысында ағайындылар есірткі зертханасын ұйымдастырған
Маңғыстау облысының полицейлері есірткі зертханаларын анықтады.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 4 сәуірде Маңғыстау облысы ПД есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері полиция департаменті кинологтарының қатысуымен қызметтік иттерді қолдана отырып, Ақтау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында екі ағайынды жігітті ұстаған. Екеуі де Ақтау қаласының тұрғындары. Олар тұрғылықты жері бойынша және Ақтау қаласы аумағындағы жалдамалы пәтерлерінде есірткі зертханаларын ұйымдастырған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 37 және 39 жастағы күдіктілерден өзімен бірге және тұрғылықты жері бойынша марихуана есірткі затының бестен аса байламы тәркіленді. Сонымен қатар екі жалдамалы пәтерде марихуана өсіруге дайындалған және жарақтандырылған екі есірткі зертханасы табылды.
Пәтерлерде фольга, шам, сорғыш, желдеткіштер, есірткіні пайдалануға арналған аспаптар, баклажкалар мен ыдыстар, сондай-ақ каннабис тобының («марихуана») 17 бұтасы және марихуана есірткі заты бар бір картон қорап тәркіленді. Алынған марихуананың жалпы салмағы 5 келіден асады. Барлық тәркіленген заттар бойынша сот сараптамалары тағайындалды.
Бұл факті ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ