присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Меккеде қажылық кезінде 500-ден астам адам көз жұм

19 маусым 2024 16:19
Меккеде қажылық кезінде 500-ден астам адам көз жұм

Сауд Арабиясының Мекке қаласында қажылық кезінде аптап ыстықтан 500-ден астам адам қайтыс болды. Көз жұмғандардың 320-сы Мысырдан келгені анықталды. Иорданиядан келген 60 адамның да ыстықтан демі үзілді. Нақты айтқанда 577 адам жан тапсырды деген дерек бар. Бұл туралы AFP хабарлады.

Сауд Арабиясының билігі аптап ыстықтан көп адамның ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Мысалы, 16 маусымға дейін ыстықтан  2 мыңнан астам қажыға бірінші кезектегі медициналық көмек көрсетіліп, олар ілезде ауруханаға жеткізілген. Келесі күні 17 маусымда Меккедегі Харам мешітінде ауа температурасы 51,8 градусқа жеткен.

Сауд Арабиясында діни рәсімдер өткізілетін аймақтарда ауа температурасы он жыл сайын 0,4 градусқа көтеріледі. Сол себепті жергілікті атқарушы орган жер-жүзінің түкпір-түкпірінен қажылыққа келіп, парызын өтейтін туристерге аптап ыстықта қолшатырларды қолданып, күннің ең ыстық кезінде күн сәулесінен қорғануға болуға кеңес береді. Алайда қажылар ашық аспан астында Арафат тауына шығып, дұға ету секілді рәсімдерді жасағанда ескертуді елемейді, – делінген хабарламада.

Биыл Сауд Арабиясына қажылық парызын өтеуге 1 млн 800 мың адам барған.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру