Меккеге бара жатқан автобус аударылып, 20 адам қаза тапты
Оқиға кеше, яғни 27 наурызда Сауд Арабиясының оңтүстік-батыс аймағында – Асир провинциясындағы Акабат-Шаар деген жерде түстен кейін сағат 16:00 шамасында болған.
Автобус Хамис Мушайттан шығып, Абхаға бет алған екен. Апат салдарынан қажылыққа бара жатқан 20 адам қаза тауып, 29-ы жарақаттанған.
Кей мәліметтер бойынша, апатқа автобустың тежегіш жүйесіндегі ақау себеп болған. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, қоршауға соғылған. Содан кейін автобус аударылып, өртеніп кетіпті.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы полициясының мәліметін айтып, зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың жоқ екенін мәлімдеді.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ