Мемлекет қарызы 27 трлн теңгеден асты: Әлихан Смайылов ел экономикасына қауіп жоғын айтты
Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстанның мемлекеттік қарызы қауіпсіздік деңгейде – ел экономикасына қаупі жоғын айтты.
Смайыловтың пікірінше, қарыз алу – экономикада қалыпты құбылыс.
«Жалпы қарыз алу немесе борыштың болуы экономикаға қауіп төндірмейді. Әлемде бар практика. Мәселен, ірі инфрақұрылымдық немесе әлеуметтік жобаны шұғыл іске асыру керек болса, қарыз алынады. Қазір мемлекет борышының деңгейі – 27,2 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 22,8%-ына тең. Сондай-ақ мемлекет белгілеген лимит – 32%. Басқа дамыған елдерді қарайық. Мысалы, дамыған көп елде мемлекеттік борыш деңгейі ЖІӨ-ден 60%-дан жоғары», - деді Әлихан Смайылов Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Төраға мемлекеттік борышты азайту керек деген пікірде.
Мемлекеттің борыштық міндеттемелерін кезең-кезеңімен төмендету керек. Мемлекеттің қаржы жүйесінің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында осындай міндет қойылған. Сондықтан біз оны кезең-кезеңімен төмендетуіміз керек. Айтып өткеніміздей, мемлекеттік борышымыз белгіленген лимиттен төмен және бұл Үкіметтің және қаржы министрлігінің тұрақты бақылауында, - деді Әлихан Смайылов.
БАҚ өкілдерінің бірі Әлихан Смайыловтан «Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 трлн теңге дедіңіз. Бұл Қазақстан экономикасына қауіп төндірмей ме?» деп сұрағын нақтылады.
Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы алаңдауға негіз жоқ екенін айтты.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ