присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Министр ҰБТ-да 140 балл жинаған Қосшы қаласының түлегін құттықтады

31 шілде 2024 11:00
Министр ҰБТ-да 140 балл жинаған Қосшы қаласының түлегін құттықтады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеуде биыл елімізде 140 балл жинаған екінші талапкер – Ақмола облысының Қосшы қаласының түлегі Айым Ержанованы құттықтады. Бұл жетістік IELTS халықаралық сертификатының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру және ҰБТ нәтижесін есепке алу арқасында мүмкін болды.

«Айым Ержанованы ерекше жетістігімен құттықтаймын. Бұл қажырлы еңбек пен білімге деген ұмтылыстың нәтижесі. Сіздің жетістігіңіз барлығымызды шабыттандырады және қазақстандық жас таланттардың халықаралық аренада үлкен биіктерге жетуге қабілетті екенін көрсетеді. Сізге оқуда және болашақ мансапта одан әрі табыс тілеймін!» - деді министр.

Министрмен кездесуге Айымды қолдауға оның жақындары да келді, олар ҰБТ нәтижесін білгенде қатты қуанғанын және үміттері ақталғанын айтты. Саясат Нұрбек талапкердің жақындарына немерелерінің жетістіктерінде олардың көрсеткен қамқорлығы маңызды рөл атқарғанын атап өтіп, біліміне баға жетпес қолдауы мен қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Айым Ержанова ҰБТ-ны төрт пән бойынша тапсырып, 90 балл жинады. Сонымен қатар ол «Ағылшын тілі» пәні бойынша балдарды ауыстыру үшін IELTS халықаралық сертификатын ұсынды. Ережелерге сәйкес, IELTS балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш беріп, сертификаттың растығы анықталған соң ЖОО-ның қабылдау комиссиясы арқылы жүзеге асырылады. Осылайша Айым 140 балдың екінші иегері атанды және конкурсқа ең жоғары балмен қатысты.

«Еңбегім мен ұмтылысым ақталып, оны бағалап жатқандарыңызға үлкен алғысымды білдіремін. Бұл жетістік менің ғана емес, маған барынша қолдау көрсеткен жандардың арқасында. Менің жетістігім білім мен жоғары нәтижеге ұмтылатын басқа талапкерлерге де үлгі болады деп үміттенемін», - деп қуанышымен бөлісті.

Министр сондай-ақ ҰБТ-дағы қазақстандық талапкерлердің жоғары нәтижелері елімізде сапалы білім алуға ұмтылыстың көрсеткіші болып табылатынын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдан бері алғаш рет түлектер ҰБТ-да 140 балл жинады.

Кездесу соңында Айымның әжесі бата беріп, барлық түлектерге өздері армандаған биіктерге жетуді тіледі

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру