присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Мәдениеттер тоғысы, өзгерістер ғасыры қазақ елінде

12 қыркүйек 2023 11:52
Мәдениеттер тоғысы, өзгерістер ғасыры қазақ елінде

Шовинист пиғылдағы алапауыт империялар ХIХ ғасырда әлемді бөлшектеу иелену саясатын, ХХ ғасырда отарлау арқылы күшпен басып алу, иелік ету саясатымен неше мәрте қолдан жасалған жасанды аштық, қуғын сүргін, қырып жою сияқты бұрын соңды болмаған геноцид үдерісін жүргізді. Ал ХХI ғасар ғаламдану жағдайындағы үлкен өзгерістер толқыны толқытып тұр. Бұл өзін-өзі не бар, не жоқ ететін үдеріс спетті. 
Дәлірек айтсақ бүтін ұлттың ұлттық ұстынына келген сын. 

XXI ғасыр несімен ерекше, негізгі проблемалары қандай, адамзат қоғамына қандай жаңалық алып келді және бізден не қалайды?! 

1-Жаңа ғасырдың басты ерекшелігі «Жаһандық жағдай». Қазақ елі әлемдік үдерістен айналып өте алмайтыны кәдік. Мәселе, көнеден келе жатқан тарихи тамыры терең, мәдени-рухани құндылықтар қазынасы бай,  геоэкономикалық әлеуеті жоғары ел екенімізді дәлелдеудің қамын жасауымыз аса маңызды. Бұл- жаһандануға жұтылып кетпеу үшін ел болып бірігіп, ұлт болып ұйысып кірігудің алғы шарты. Яғни, ғылым, білім технологиялық инновацилар мен қатар мәдениеттер бәсекелестігіне төтеп бере алатын ұлттар ғана елдігін сақтап қалатын жаһандық жағдайда: жалпы адамзатқа ортақ болаалатын мәдени-рухани құндылықтарымыз бен отандық өнім брендтерінің басым бағыттарын айқындау мәселесі тұр!  Бұл жерде тарихи тамырлас елдердің біртұтастығы өте маңызды. Жер бетінде 250 милионнан астам түркі нәсілді адам тұрады. Түркістан-сол түркі жұрттарының туған жері, атақонысы. Алтай мен Анадолы арасындағы алып атырапты бұрын «Тұран», «Түркістан»  дегені тарихи ақиқат. Бүгінде Түркістан өзінің тарихи-саяси тұғырына қайта оралды. Қасиетті Түркістан-Қазақстанның рухани астанасы ғана емес, тұтас түркі жұртының орталығына айналды. Ендігі мақсат: бүтін «ТҰРАН» бірігуі және «ТҮРКІСТАННЫҢ» ғасыр жаңалығы болатын әлемдік туристік жаңа қаб болатын миссиясын жолға қою!  
«Тіл - бір көпір. Наным-сенім бір көпір. Тарих-бір көпір. Біз бүгін олардан тіл тұрғысынан да, салт дәстүр жөнінен де, тарихи байланыстардан ажырап, өте алыста қалып қойдық. Тарихи байланыстарды жаңғыртуымыз керек. Түркі-бірлігі – күндердің күнінде шындыққа айналатынына сенемін!»   Мұстафа Кемаль Ататүрік, 1933ж. 

2-XXI ғасырдың басты проблемасы бүкіл әлемдік азық-түлік қауыпсіздігі. Бұл дегеніңіз бір жағынан қарағанда Еуразия елдері үшін жаңа мүмкіндік, яғни Алланың бере салған сыйы. Әлем халқының 30 пайыздан астамы аштық жағдайда, дамыған елдер табиғи таза экологиялық азық-түлік тағамдарына зәру болып отырғанда қазақ елі азық-түлік тағамдарының ұлттық брендтерін өндіріп, өз халқын бақуатты ететін, экспорттан қыруар табыс табатын, мүмкіндікті инновациялау аса қажет болып отырған заман талабы!   

3-XXI ғасырдың басты проблемасының тағы бірі бүкіл әлемдік экономикалық-әлеуметтік және рухани дағдарыс. Экономикалық дағдарыс бұл жаңалық емес, Яғни, капитаистік қоғамда болып тұратын, сол арқылы экономиканы жаңғыртып отратын үрдіс екенін білеміз. Алайда  әлеуметтік және рухани дағдарыс бүтін әлем елдерін ұлы өзерістер толқынына алып келген ғасыр жаңалығы. Бұл жаңалық кеңес идеологиясында 70 жыл езілген халық үшін аса күрделі проблема болғаны рас. Отарлау саясатынан халқтың санасы уланды, намысы тапталды, рухы əлсіреді. Ақыры бүтін ұлтқа қарсы жасалған идеологияның салдары ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретін генофон вирусына айналды. 
Біз қазір осы вирусты жояалмай отырмыз.  Оның үстіне тəуелсіздікке қолы жаңа ғана жеткен елдерге прагматистік сана, материалдық прагматизм, «байлық», «ақша», «нəпсі», «даңқ», «əсіре демократиялық теориялық қағидаттар» культі  рухани құлдыраудың жаңа кезеңін əкелді. Ол аз болғандай, діни ала-ауыздық тудыру арқылы адамзатының ұлтына, салт- сана, əдеп-ғұрпына, тарихи болмысына қарсы ұстаным қалыптастыру идеологиясы жалпы ұлтқа жаңа қатер төндіріп отыр. Осы мақсаттағы халық жаулары -  өз елі, өз жерінде өгейліктен баз кешіп езілген халықтың қаңтардағы митингісін пайдаланып тәуелсіздікке төңкеріс жасамақ болды. Осыншама зұламатты бастан кешірген ел үшін серпінді ұлттық идеология жасау арқылы жаңғырып, жаңару бірінші кезекте тұрған өзекті мәселе!  
  
4- XXI ғасырдың адамзатына алып келген басты оқиғасы әрине «Ковид-19» пандемиясы.  
Ковид вирусы  аш ішекте иммунитетті жойып келесі кезекте өкпе жасушаларына өтіп, өкпенің пневмония-қабынуын, буын қабынуларын туғызады. Бұл ғасыр дертіне айналып бара жатқан әсіресе қазақстанда жаппай етек алып бара жатқаны  жасырын емес. 
«Ковид-19» пандемиясының қалдырған ізін емдеу және қалпына келтіру - емдік қасиетті, табиғи тағамдар мен  зиянды вирустарды аш ішекте жоятын тың жаңалық қазақ елінде ашылатын мүмкіндік бар. Себебі, көптеген табғиғи азық-түліктер, дәрілік шөптердегі  антибактериялық қасиеттер ішектің лимфа қорғанысын күшейтіп, зиянды вирустарды жояды. Осылайша, ковирусқа қарсы иммунитет адамның өз денесінде туындап,  өкпенің қабынуын тудырған ковируске тосқауыл қояды және  қабыну тудыратын стафилакокк, стрептококк т.б бактериялық қоздырғыштарды жояды. Ол үшін табиғи маңызды емдік тағам ас-сулар мен экологиялық  табиғат аясындағы бірегей сауықтыру, қалпына келтіру санатория жасау өзекті болып отыр!  

5-Жаһандық қоғам санасы тәуелсіз, рухы күшті, мәдени-рухани және тарихи тамыры терең, жалпы адамзат қоғамына ортақ құндылықтары мен отандық өнім брендтері айқындалған, сондай-ақ ұлы өзгерістер толқынына ілесе алған, жаңғырып жаңараған яғни, ғылым, білім, технологияық инновация, технократияға бейімделген қоғамдық орта құра алған  мемлекеттер жайғасатын орын.  Демек XXI ғасырдың бізден қалайтыны да осы! 
Расын айтқанда бұл қазақ елін, қазақ халқын бақуатты ететін, тіпті әлемдік жаңалық болатын соны үрдіс, тың идеалар ғасыры. Себебі жоғарыда бүкіл әлемдік азық-түлік қауыпсіздігі Еуразия елдері үшін жаңа мүмкіндік, яғни, Алланың бере салған сыйы дегенді айттық. Басқа келген бақтан айырылып қалмай іске көшу міндеті: бұл-Алланың қалауы, XXI ғасыр қалауы!!

Біз тәуелсіздіктің алғашқы 30 жылында не істедік?! Экономика және ауыл шаруашылығы министірлігі мен әкім қаралар тұтыну тауарлары отандық өнімдерін шығара алдыма? Әлде керісінше кедергі жасады ма?! Туризм және мәдениет министірлігі 30 жылда ұлт мәдениеті мен құндылықтарын төрге оздырып, ұлттық туризм инфрақұрылымын жасай алдыма? Мемлекеттік тілге 30 жыл милиарттарды  бөлгенде әкімдіктер, министіліктер, банк қызметкерлері  мемлекеттік тілде сөйледі ме?..  Ал осыларды жүзеге асыратын министіліктер мен әкімдіктер аппаратындағы ана тілін, төл мәдениетін білмейтін, ұлтынан безген адамдар не істегені үшін марапатталып жатады? Ұлттық брендтері айқындалмаған елде қалай ұлттық өнеркәсіп дамйды?. Әлемде алдымен ұлттық брендтер айқындалып сосын оны өндіретін ұлттық кәсіпкерлер бәсекеге түсетінін неге ескермейміз?!  Бұлардың бәрі ұлт мұратын айқындайтын баға жетпес құндылықтар. Ал ұлт мұраты айқындалмаған елдің тәуелсіздігі де айқындалмайды. Мұны халық даналығында «Өз етігің аяғыңа тары болса, дүниенің кеңдігінен не пайда»! –деп бірақ ауыз сөзбен кесіп айтып қойған.
Қорта айтқанда бүтін әлемді өзгеру, жаңаруға шақырып отырған өзгерістер толқыны:  майда ұрандар емес тәуелсіз санамен сарапталған, ұлттық идеологиямен жаңарған, ұлт мұратымен айқындалған тәуелсіз елдің тәуелсіз өзгерістерінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын жасуды талап етуе.  
Жол айрығында тұрған Қазақ елі үшін экономикалық-әлеуметтік  дамудың бірден бір жолы: жоғарыда айтылған ғасыр талаптарын орындай отырып экономикалық-әлеуметтік және қоғамдық жүйені оңтайластыратын репормалар жасау өзекті екенін көрсетіп отыр.  
1-Кәсіпкерлікке серпіліс жасау: бұл - отандық брендтердің ұлттық-экономикалық сауда белгісі сертификатының әлемдік индексін айқындау арқылы экспорттық өнім өндірумен айналысатын  отандық кәсіпкерлердің дамуына жол ашу. Ұлттық бренд айқындалмай ешбір елде ұлттық кәсіпкер дамыған емес, Ал ұлттық кәсіпкері дамымаған елдердің экономикасы импортқа тәуелді, халқы кедей, мемлекеті әлсіз. Біз қазір осындай елміз. Себебі тәуелсіздіктің алғашқы 30 жылында мұнай, газ, металургия зауыттары және ауылдың жерін жеке мүддесі үшін иемденген бір топ олиграқтар және әрекет ету, қаракет жасауға шамасы келмейтін тобыр халыққа айналдық. Демек экономикалық тәуелділіктен арылудың бірден бір жолы тұтыну тауарын өндіруші елге айналу. Ол үшін  біріншіден, кәсіпкерлікке серпіліс жасау; екіншіден, Еуразия аймағын уысынан шығарып алмас үшін қас-қағым сәт жібермей арандатушы іс-әрекет жасап отырған басқыншыл шовинистер мен олардың ықпалынан шыға алмайтын білімі ұлттық мәдениетпен орнықпаған, туған халқының тілін, мәдениетін танып білмеген дүбәрә қадір, тобырлық саясаттан арылатын жарқын іс-әрекет керек. 

 2-Жаппай еңбек нарқына көшу арқылы ұлттық брендтерді экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналдыру. Бұл ретте азық-түлік, тағам ас-сулар өнімдерін дамыту үшін өңірлік азық-түлік хабтарын құру арқылы ауыл шаруашылығын экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналдыруға болады. Ғасыр көшінің оңтайлы сәтін пайдалана алсақ -Қазақстан  Экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болуының  табысты индикаторына айналып,  «Халықаралық азық-түлік қауыпсіздігін қамтамасыз етудегі жетекші ел» болу мүмкіндігіне ие болады.
"БҰҰ Қазақстанды әлемдегі ең перспективалы 5 ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің бірі және таяу жылдарда аймақтық және халықаралық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жетекші ойыншылардың бірі ретінде таныды" Ал америкалық fDi журналы Қазақстанның егін алқаптарының шексіздігі мен тамаша географиялық орналасуы жағынан Қытай, Ресей және Үндістан сияқты алпауыт мемлекеттерге азық-түлік жеткізе алатын зор әлеуетін атады. Жаппай еңбек нарқына көшу үшін-ел экономикасына қаржы әкелетін, әлеуметтік-экономикалық қарқын әкелетін маңызды идеаларға кедергі келтірген әкімдер мен министрлік шенуніктеріне тексеру жасап, жауапкершілік жүктейтін жүйе болу керек.  

3- Ғылым, білім, технологияық инновация, технократияға бейімделген қоғамдық орта құру.  XXI ғасырдың бізден қалайтыны да осы!-дегенді жоғарыда айттық.  Демек бізге ескі сарын, көне сүрлеу, қалыптасқан жүйеден шыға алатын жаңа қадір саясаты, ұлттық сана және экономика саласында серпін жасайтын мүлдем жаңа көз қарас, соны үрдіс, тың идеалар қарастырылған «Жаңа ұлттық идеология» қажет! Ұлттық идеология өз кезегінде Партиялар мен үкіметтің және құзырлы мекемелер мен жауапты тұлғалардың мақсатты тұғырнамасына айналуы міндеттелуі тиіс. Сонда ғана жауапкершілік пен міндет есебі болады.Ұлттық идеологияны бүгінгі қоғамдық өмір бетпердесін өзгертуден бастау керек.  Сабебі мемлекеттік қызметте де, халық арасында да өз ұлтының, тілін, мәдениетін, ұлттық ғұрпын білмейтін коммунистік идеологияның мұрагерлері мен арандатушылардың арам пиғылынан шыға алмайтын әлсіздер саны айқын басымдылықта. Бұл деген ұлттық сана, ұлттық идеологияның соншалықты дәрежеде төмендігінің көрсеткіші. Сондықтан қоғамдық өмірде орындалмайтын уәж, өтірік мақтан, жемқорлық пен сатқындық сияқты рухани азғындық жайлап кетті. Сондай-ақ ұлттық мәдениетсіз алған білім қайырсыз болатындықтан рухани біліктілік пен ұлттық идеология қоғамдық өмірден алшақтады. Технология, инновация сяқты өркениет жетістіктеріне ұмтылыс жасайтын қоғамдық орта жасаудың орнына немқұрай, рушыл, тапшыл, өсек құмар, жеменқорлық  сияқты керітартпа үрдістер орнықты. Біздегі айтылатын пікір, талаптар бір сарындағы байбалам және арандатушылардың ауызға салып беріп отырған қисық-қыңыр дерек көздері. Шындығында ақиқат басқада. Алайда ақиқаттан шенеуніктер айналып өтсе, арандатушыларға ерген  сатқындар мен ұрандатушы тобырлар, бар жақсылықты жаттан іздеп өз еліне келгенде тырнақ астынан кір іздеп бағады. Олар бұл ісімен мемлекетке, ел тәуелсіздігіне қауыпті іс жасап жатқандарын өздері түсінбейтін санасы тәуелді, ұлттық рухы әлсіздер. Яғни арандатушылардың шынайы көмекшілері. Себебі арандатушылардың көздеп отырғаны да іштен іріген елдің апанға келіп өзі түсетін оңтайлы сәті. Бұл тарихи өмірде неше қайта дәлелденген ақтқат. Сонда тарихтан сабақ алмайтындар кімдер деген заңды сұрақ туатыны анық. Анығында біз осы сұраққа жауап бере алмайтын ұлтқа айналдық. Расы керек бірдеме жазсақта, айтсақта қалыптасқан, қалыптастырған жүйе жасанды саяси ұстаным шеңберінде мәймөңкелеп, жанай өтіп, сипай қамшылап қана айтамыз. Яғни шындықты айтам деп тағыда өтірік айтамыз. Ақиқат Алланың заңы, яғни Алланың бізге сый еткен табиғат заңдылықтары. Бүтін тіршілік иесі осы табиғат заңдылықтарына мінсіз үйлескен іс-әрекетімен ғана ғұмыр кешіп одан керегін алып, оған керегін беруге міндетті. Біз ше? Иә біз 70 жыл кеңес деген ат жамылған біреудің отын жағып, суын тасып, сөзін сөйледік яғни оның идеологиясымен тыныс алдық, оған адалдығымыз сондай итше ердік, қазақилқтан жиркендік.  Бүгінде қалыптастырған идеологяға итше жегілген бір топ және Араб мәдениетін дәріптеп ұлттық құндылықтардан бас тартқан бір топқа бөліндік. Ортасында осы ащы запраннан құса болып шырылдаған зялы топ шарасыз күйде. Тағыда қазақтықтан бас тартқан, тілі мүгедек, ұлттық салт сана әдет ғырыптары бұғақталған, ұлттық құндылықтары төрге озбаған, қысқасы ұлт мұраты айқындалмаған елге айналдық. Бұл дегеніңіз Алланың заңына қарсы шығу. Өйткені ұлты жаратқан Алла оның сатқын боуын қаламайтыны анық. Қасиетті дінімізде кешірілмейтін күнә ол сатқындық деген екен. Қазақ та басқа ұлттар сияқты Алладан берген ұлттық болмысымен және табиғат заңдылықтарына үйлесімді іс-әрекеттерімен ғұмыр кешеуге тиіс. Гректер көне заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған сирек кездесетін білім беру жүйесін жасаған көрінеді. Қарап отырсақ қытайдың Комфуциясы да осыған саяды. Қазіргі бүтін әледік нарық заңы да осған саяды. Ұлы Абайда осыны айтып кетті. 
Сондықтан ұлы өзгерістер толқынына ілесе алатын, жаңғырып жаңараған яғни, ғылым, білім, технологияық инновацияға бейімделген қоғамдық орта құрау керек деп ойлаймын.

Авторы: Өнерхан Сансызбай

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру