присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Мәжілісте ғалымдарға үстемақы төлеуге қатысты заң қарала бастады

30 қараша 2023 10:42
Мәжілісте ғалымдарға үстемақы төлеуге қатысты заң қарала бастады

Мәжіліс депутаттары ғалымдарға үстемақы беруді көздейтін заңды жұмысқа алды.

Жалпы отырыста «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексіне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу ұсынылды.

Заң жобаларының нормасын депутат Асхат Аймағамбетов түсіндірді.

Аталған заң жобалары Сенат пен Мәжіліс депутаттарының басташылдығымен әзірленді. Жоба ғылым саласын дамытуға бағытталған. Бұл заң жобасының ең басты жаңалығы – доцент пен профессор сынды ғылыми атағы бар, ғылыми зертеумен айналысатын ғалымдардың ай сайынғы жалақысына үстемеақы төлеу туралы норма ұсынып отыр. Ғалымдар осы норманы асыға күтіп отыр деп айтуға болады. 

Сонымен қатар ғылыми зерттеу нәтижесін коммерцияландыру сияқты бастамалар үшін арнайы салықтық және инвестициялық префенциялар қарастырылып отыр. Біздің комитетіміз (Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті) заң жобасын жұмысқа алып, қорытынды әзірлеуге дайын», - деді ол.

Дауыс беру нәтижесінде қаулы қабылданып, депутаттар заңдарды жұмысқа алды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру