присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Намибия президенті қайтыс болды

05 ақпан 2024 14:46
Намибия президенті қайтыс болды

Намибия президенті Хаге Готфрид Гейнгоб 82 жасында қайтыс болды.

Namibian.com.na-ның хабарлауынша, ол қатерлі ісікпен ауырып, ауруханада әйелі мен балаларының ортасында көз жұмған. Қаңтар айында Намибия президентінің кеңсесі Гейнгобқа қатерлі ісік диагнозы қойылғанын хабарлаған еді.

Алдағы уақытта Намибияның уақытша президенті қызметін вице-президент Нанголо Мбумба атқаратын болады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру