“NANNY STATE"
Қазақстан басқару жүйесінде "Бала бағатын мемлекет" (nanny state) стиліндегі реттеу әдісін көп қолданып жүр.
"Бала күтуші мемлекет" дегеннің сипаттамасы - мемлекет адамдардың күнделікті жеке өміріне шамадан тыс араласуының ерекше түрі.
Билік басындағылар халықтың күнделікті өмір салтын, міндетті ережелерін, соның ішінде тамаққа, темекі шегуге немесе алкоголь тұтынуға қатысты ережелерді белгілейді. Осылайша мемлекеттік патернализм қағидатын жүзеге асырады.
Мәселен, Қазақстан Үкіметі вейп, насывай және кальянға тыйым салды. Сондай-ақ, жақында ол құрамында қанты бар өнімдерге, соның ішінде энергетикалық сусындарға акциздерді арттыру жайлы жоспарын айтты.
Денсаулық сақтау министрлігінің пікірінше, қазақстандықтар құрамында қанты бар сусындарды шамадан тыс тұтынады. Бұл қант диабеті мен семіздікке әкеледі.
Одан бөлек, Мәжіліс депутаттары жұбайының келісімінсіз жеке тұлғаға банктік қарыздар беруге тыйым салғысы келеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай популистік шаралар көпшілікке "оңай" өтеді және Үкіметке өте арзанға түседі.
"Өтірік жан ашу" шаралары — алкоголизм, семіздік, насывайға тәуелділік сынды теріс құбылыстардың негізгі себептерін жоймайды.
Дамыған, оңы мен солын таныған елдердің халқы патерналистік шараларды бірден таниды және оң қабылдамайды. Бір кездері Борис Джонсон Ұлыбританияның консервативті партиясының депутаты ретінде "бала күтуші мемлекет" болуды тоқтатамын деген еді. "Халықтың төлейтін салығын көтере берудің орнына, алдымен сол салықтардың қаншалықты тиімділігін дәлелдеп, адамдардың мінез — құлқына шын мәніндегі әсерін қарастыруымыз керек. Мәселені "өтірік жан ашу" шараларымен сипап өтпей, түп-тамырымен шешу керек", - деген болатын Борис Джонсон. (http://surl.li/rwwyn).
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ