присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Назым Қызайбай: Алтын медальға таласуға бар күшімді саламын

04 тамыз 2024 12:46
Назым Қызайбай: Алтын медальға таласуға бар күшімді саламын

Бокстан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Назым Қызайбай ширек финалдық жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты, деп жазады Olympic.kz.

"Бүгінгі колумбиялық қарсыласымнан әлем чемпионатында ұтылып қалған едім. Осы жолы есе қайтаруға тырыстым.

Негізінен, ақылмен жеңдім деп айта аламын. Тактика сондай болды.

Келесі қарсыласым да оңай емес, қытайлық боксшы. Ол әлем және Азия ойындарының чемпионы.

Десе де, жекпе-жекке жақсы дайындалып, жеңуге тырысамын. Алтын медальға таласуға бар күшімді саламын", - деді Қызайбай.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру