присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Оралда құны 94 млн теңгеден асатын шетелдік темекіні заңсыз сатқан тұрғын ұсталды

12 наурыз 2024 16:35
Оралда құны 94 млн теңгеден асатын шетелдік темекіні заңсыз сатқан тұрғын ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің БҚО бойынша департаменті екі өлшемді цифрлық таңбасы жоқ, шетелде өндірілген темекі өнімдерін қомақты сомаға сатқан Орал тұрғынына қатысты істі тергеуді аяқтады.

Заңсыз темекі өнімдерінің жалпы саны – құны 94 млн теңгеден асатын 136 мыңнан астам қорап.

Аталған азаматтың 2023 жылдың мамырында Біріккен Араб Әмірліктері мен Германияда өндірілген екі өлшемді цифрлық белгісі жоқ түрлі маркадағы темекі өнімдерін сатып алғаны анықталды. Бұл ретте ол екі өлшемді цифрлық таңбасы жоқ темекі өнімдерінің айналымына тыйым салатын «Темекі бұйымдарын өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңын және Салық кодексін бұза отырып, аталған өнімдерді Орал қаласындағы әртүрлі сауда орындарына өткізген, – делінген ҚМА хабарламасында.

Сот оны қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті, ал «темекі» заттай айғақтары мемлекет кірісіне айналдырылды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру