Оралда мектеп отқа оранды
Орал қаласында №28 мектептің екінші қабатынан өрт шығып, соның салдарынан газдан уланған күзетші ауруханаға түсті.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 31 қаңтарға қараған түні Д. Қонаев шағын ауданында болған.
Сағат 00.05-те төтенше жағдайлар департаментіне №28 мектептің екінші қабаты түтіндеп жатқаны жөнінде хабар түсті. Полиция қызметкерлері мектепке барған кезде кабинеттегі электр қалқанның тұйықталғаны анықталды. Өз бетінше өртті сөндіргісі келген мектептің күзетшісі газдан уланған, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, кеше сағат 23:59-да 1992 жылы салынған №28 мектеп-лицейдің екінші қабатындағы №45 оқу кабинетінде жиһаз жанған. Жалын 15 шаршы метрді шарпыған. Көп ұзамай, №48 оқу кабинетінің алдынан 1957 жылғы күзетші табылған. Қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген ол газдан уланған деген диагнозбен жансақтау бөліміне жатқызылды.
Газдан уланған күзетшінің жағдайы қиын. Өрт сағат 00:37-де оқшауланып, 00:40-та сөндірілді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ