Орталық сайлау комиссиясына 4 саяси партия құжаттарын ұсынды
Орталық сайлау комиссиясына 4 саяси партияның құжаттары ұсынылды. 6 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды:
1.«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
2. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
3. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі;
4. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі, – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін 19 наурызда Мәжіліс сайлауы өтетінін хабарлаған болатынбыз. Науқанға 7 саяси партия қатысады.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ