присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Оңтүстік Корея Қазақстан азаматтарын жұмысқа қабылдай бастайды

11 қаңтар 2024 17:31
Оңтүстік Корея Қазақстан азаматтарын жұмысқа қабылдай бастайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің өкілдері онлайн-пішінде келіссөздер жүргізіп, Қазақстанды Оңтүстік Кореяның Employment permit System жүйесіне енгізу мәселесін талқылады.

Бұл жүйе Қазақстан азаматтарына Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, сондай-ақ оларға тең еңбек жағдайлары мен құқықтарды қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кездесуге министрліктің Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев, Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры Саадат Асансеитова мен Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің Шетелдік жұмыс еңбегі жөніндегі басқармасы директорының орынбасары Мюнг Сунг Хон қатысты.

Асқарбек Ертаев кездесуге қатысушыларға EPS жүйесі шеңберінде кореялық дайындық орталығын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Қазақстанда EPS орталығын ашу мүмкіндігін талқылай отырып, еңбек көші-қоны шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру