Павлодар облысында өрт кезінде 2 жасар бала қайтыс болды
Павлодар облысында өрт кезінде 2 жасар бала қайтыс болды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 10:29-да Тереңкөл ауданындағы Береговое ауылында жеке меншік үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнында 2 техника мен жеке құрамның 8 адамы жұмыс істеді. Өрттің ауданы – 80 шаршы метр.
Өрт кезінде 2019 жылғы бала зардап шегіп, 1-2 дәрежелі термиялық күйік алды. Оны ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Ал 2021 жылы туған сәби қайтыс болды. Балалардың анасы аулада болған, – делінген ТЖД хабарламасында.
Көпбалалы отбасы сегізінші баланы күтуде.
Өрт сағат 11:45-те оқшауланып, сағат 12:15-те толығымен жойылды. Оның шығу себебі анықталып жатыр.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ