Павлодарда есірткі ошағы жойылды
Павлодар облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел қызметкерлері есірткі ошағын тапты.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Павлодар қаласының 37 жастағы тұрғыны есірткіні басқа адамдармен пайдалану үшін нашақорларға өз үйін жиі берген деген күдікпен ұсталды.
Оның үйін тінту кезінде жедел қызметкерлер шприцтерді, бос құтыларды, күйе іздері бар ыдыстарды, есірткіні пайдалану үшін қолданатын басқа да заттарды тауып, тәркіледі.
Қазір ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу болыр жатыр. Күдікті Павлодар қаласы ПБ УҰИ-ға қамауға алынды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ