Петропавлда сауда үйі өртенді
Петропавл қаласындағы «Магнум» супермаркеті орналасқан ғимараттан өрт шығып, 250 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккен, қаза тапқан адам жоқ
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін сағат 10:44-те «101» номеріне Петропавлдағы С.Мұқанов көшесіндегі №53 мекенжайында орналасқан сауда орталығында өрт шыққан. Телефонмен хабарласқан адам сауда үйінде бірінші қабаттағы бутиктердің бірінің жанып жатқанын айтқан.
Осыдан кейін өрт сөндірушілер көлікпен 3 минутта жетіп, тілсіз жауды сағат 11:28-де өшірген. Яғни, өрт жарты сағаттан кейін толық сөндірілді.
Ғимараттан 250 адамды қауіпсіз жерге шығаруға тура келді. Өрттен қаза тапқан, зардап шеккен адам жоқ, - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ