присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Петропавлда шенеунік 7,5 млн теңге үшін күдікке ілінді

19 маусым 2024 17:35
Петропавлда шенеунік 7,5 млн теңге үшін күдікке ілінді

Петропавлда әкімдікке қарасты ұйымның басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.

Антикордың мәліметіне қарағанда, «Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу болып жатыр.

Лауазым иесі кәсіпкерлермен алдын ала келісіп, тұрғын үйлерді жылыту және сумен жабдықтау жүйелерін жөндеуге бөлінген 7,5 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру