присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Президент әкімшілігінің басшысы тағайындалды

06 ақпан 2024 17:35
Президент әкімшілігінің басшысы тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Айбек Дәдебаев ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалып, бұған дейін атқарған ҚР Президентінің іс басқарушысы лауазымынан босатылды.  

Айбек Дәдебаев 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

2001-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық туризм менеджменті кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеген.

2008-2011 жылдар аралығында Сенат аппаратының парламентаралық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Сенат төрағасының көмекшісі міндетін атқарушы болып еңбек еткен.

2011-2013 жылдар аралығында атташе, Женевада Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің үшінші хатшысы болған.

Одан кейін алты жыл Сенат төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі лауазымдарын атқарған.

2019-2021 жылдар аралығында Президент кеңсесі бастығының орынбасары болды.

2021 жылғы 28 мамырдан бастап 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін ҚР Президенті іс басқарушысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2022 жылдың қарашасынан бері ҚР Президентінің іс басқарушысы лауазымын атқарды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру