Президент Өзбекстанға сапарында Төле би кесенесіне зиярат етті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына барды. Ол әуелі мемлекеттік сапары барысында Ташкент қаласындағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
«Янги Узбекистон» саябағында орналасқан монумент былтыр осы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орнатылған. Ескерткіште өзбек халқының тарихындағы ең маңызды оқиғалар мен белгілі мемлекет қайраткерлерінің, қолбасшылары мен ғалымдарының бейнелері кескінделген.
Содан кейін мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы президентінің «Куксарой» резиденциясының құрметті қонақтар аллеясына ағаш екті. Одан әрі осы елдің президенті Шавкат Мирзияевпен бірге Төле би кесенесіне зиярат етті.
Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі «Төле би кесенесі» сәулет кешенінде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген. Ташкент қаласының территориясында орналасқан ұлы тұлғаның кесенесі XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.
Екі күндік сапар аясында мемлекет басшысының Өзбекстан президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізуі және бірқатар келісімге қол қоюы жоспарланған.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ