присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Президент Қарағанды облысының әкімін қабылдады

10 қаңтар 2024 12:59
Президент Қарағанды облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады.

Президентке Қарағанды облысының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берілді. Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, былтыр 11 айдың ішінде өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,1 трлн теңге болған. Негізгі капиталға салынған инвестиция 16,3 пайыз артып, 727 млрд теңгеге жеткен. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау ісінде 45%, жеңіл өнеркәсіпте 23,9%, фармацевтикада 20% өсімге қол жеткізілсе, қағаз өнеркәсібінде, құрылыс индустриясы мен қара металлургияда да өсім байқалады.

Шағын және орта бизнес саласында 100 мыңнан астам компания қызмет етеді және бұл бағытта өңірдегі белсенді халықтың 45 пайызы жұмыс істейді. Кәсіпкерлер үшін бөлшек салықтың мөлшері 4%-дан 2%-ға дейін төмендеген.

Биыл жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 19%-дан 25%-ға арттыру жоспарланған. Экономиканың барлық саласында 25 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,1%-ға, кедейлік деңгейі 2,7%-ға дейін төмендеген. Халықтың нақты табысы 4,7% көбейіп, ауылдарда 92 денсаулық сақтау нысанының құрылысы, 2 ауданаралық аурухананы жаңғырту жұмыстары басталған. Биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында өңірде 7 100 орындық 10 мектеп пайдалануға берілмек.

Бұдан бөлек, президентке жылыту маусымының барысы, Qarmet кәсіпорнындағы қазіргі жағдай баяндалды. Мемлекет басшысына жаңа инвестордың өндірісті тұрақтандыру және оның көлемін арттыру бағытында қабылдап жатқан шаралары, сондай-ақ өндірісті жаңғырту және компания жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен бірге Ермағанбет Бөлекпаев әлеуметтік саланың жай-күйі, «Ауыл – ел бесігі» және «Ауыл аманаты» жобаларының іске асырылуы туралы да айтты.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру