присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Президент Қариннің қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі есебін тыңдады

12 қаңтар 2023 11:20
Президент Қариннің қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі есебін тыңдады

Мемлекет басшысына саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия материалдарының негізінде дайындалған көптомдық таныстырылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы туралы есебін тыңдады.

Мемлекеттік комиссияның қызметі ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағытталған. Белгілі ғалымдар мен сарапшылардан құрылған комиссия мүшелері еліміздің архивтерінде, жабық қорларда ауқымды зерттеулер жүргізді. Құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, ведомстволық архивтерді құпиясыздандыруға және қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мемлекет басшысына әртүрлі қуғын-сүргін санаттары бойынша құжаттар мен материалдар негізінде құрастырылған 31 томдық құжат таныстырылды.

Биыл да мемлекеттік комиссия қуғын-сүргін құрбандарының тарихын зерттеу, архив құжаттарын цифрландыру және электронды қорларды қалыптастыру бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру