Республикалық маңызы бар 26 жол жабық
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар 26 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды.
"Ауа райының нашарлауына (боран, нашар көріну, көктайғақ) және жол тазартуға байланысты автожолдардың 61 учаскесі жабылды, оның 26-сы республикалық маңызы бар", - деді ведомстводан.
Қар құрсауында қалған көліктер:
Астана-Щучинск тасжолында 8 жүк көлігі тұр;
Ақтөбе облысындағы Ақтөбе-Қарабұтақ автожолында 30 техника тұр;
Абай облысында Қалбатау ауылынан шығар жерде - 46,
Көкпекті – Қалбатау аралығындағы тасжолда - 39 автомобиль тұр;
Павлодар облысындағы Шідерті – Қарағанды автожолында 20 автокөлік қар құрсауында қалған.
Ел бойынша барлығы 143 бірлік техника жолдардың ашылуын күтіп тұр. Соңғы тәулікте республикалық жолдарда құтқарушылар 37 адамды, оның ішінде 9 баланы эвакуациялады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ