присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Сарапшы пікірі: креативті индустрия саласында «сең қозғалды»

11 қыркүйек 2023 14:39
Сарапшы пікірі: креативті индустрия саласында «сең қозғалды»

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты Жанар Махажанова Қазақстанның креативті секторының халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болуына барлық мүмкіндігі бар деп есептейді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдегі шығармашылық индустрияны дамыту үшін жағдай жасаудың маңыздылығына назар аударды.

«Креативті индустрия – инновациялық және креативті өнімді құрудың интеллектуалды идеясы мен өзіндік көзқарасына негізделген әлемдегі экономиканың ерекше бағыты. Әлемдік аренада Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ және т.б. сияқты елдер бұл саланың көшбасшылары болып табылады. Дегенмен, Қазақстанның халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті креативті секторды қалыптастыруға барлық мүмкіндігі бар. Қазір елімізде сапалы әрі қызықты шығармашылық туындыларды жасап жүрген отандастарымыз көбейіп келеді. Оған дәлел – Димаш Құдайберген, оның талантының арқасында Қазақстан шекарасынан тыс жерлерде де танымал болды», – деп атап өтті креативті индустрия саласының сарапшысы.

Сарапшы креативті сектор енді мемлекет тарапынан қолдауға ие болатынына сенімді.

«Бүгінде креативті индустрияны дамыту мақсатында «2025 жылға дейін крективті индустрияны дамыту тұжырымдамасы» әзірленді, креативті индустрия субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету аясында бірқатар заңнамалық актіге өзгерістер енгізілді және креативті салаға қатысты экономикалық қызмет түрлері классификаторының тізімі бекітілді. Яғни «сең қозғалды», енді креативті секторға мемлекет тарапынан лайықты назар аударылып, қолдауға көрсетіледі. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының креативті экономикасын дамыту тұжырымдамасының мақсатты индикаторы өнімділігін береді және 2025 жылға қарай креативті сала Қазақстан экономикасына қосатын үлесін 5 пайызға дейін жеткізеді деген сенімдемін», – деді Жанар Махажанова.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру