присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Сел жүріп, жаяу жүргіншілер көпірі қирады: «Шымбұлақ» туристер үшін жабық

24 шілде 2023 10:55
Сел жүріп, жаяу жүргіншілер көпірі қирады: «Шымбұлақ» туристер үшін жабық

«Шымбұлақ» тау курорты туристер үшін уақытша жабылды. Демалыс орны әкімшілігінің мәліметінше, тау шаңғысы курортында сел жүріп, жаяу жүргіншілер көпірі мен су алатын құбыр істен шыққан.

21 шілдеде Тұйық-Су Альпі лагерінің маңында Кіші Алматы өзенінде табиғи апат болды – сел жүріп, жаяу жүргіншілер көпірі қирады, су қабылдағыш істен шықты. Соның салдарынан Шымбұлақта су беру тоқтатылды. Біздің мамандар су қабылдағыш станцияны лайдан тазарту жұмыстарын қарқынмен жүргізіп жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген хабарламада.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері ауа температурасының жоғарылауынан және мұздықтардың еруіне байланысты Кіші Алматы шатқалының сағасындағы су деңгейі көтеріліп, ластанып, ішуге жарамсыз күйге түскенін атап өтті. Қазір Алматы тауларында жағдай тұрақты. Морена көлдерінде су тасу қаупі жоқ.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру