присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Шетелдік азамат 90 литрден астам есірткіні Cola-ға араластырып сақтаған

10 сәуір 2024 12:49
Шетелдік азамат 90 литрден астам есірткіні Cola-ға араластырып сақтаған

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен метамфетамин ірі партиясының контрабандалық арнасын жойды.

Шымкентте жүргізілген операция нәтижесінде есірткіні алу кезінде осы арнаны ұйымдастырды деген күдікпен шетелдік азамат ұсталды.

Ауыр жүк көлігін тексеру барысында Cola сусынында еріген 90 литрден астам есірткі табылып, тәркіленді. Сараптамамен сұйықтықтың құрамындағы тыйым салынған заттар концентрациясының 80%-дан асатыны анықталды, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру