ШҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапты
Өскемен-Рахман қайнары республикалық маңызы бар автожолында Топқайың және Катонқарағай ауылдарының арасында ВАЗ-208 және Lada Granta автокөліктері соқтығысып, жол апаты болды.
Соның кесірінен ВАЗ-2108 көлігінің 87 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. ВАЗ-2018 көлігінің 19 жастағы жүргізушісі және Lada Granta-ның кәмелетке толмаған жолаушысы Катонқарағайдағы ауруханада қайтыс болды.
Осыған байланысты Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыс-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жарияланбайды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ