присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

ШҚО-дағы жарылыс: зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды

23 маусым 2023 09:53
ШҚО-дағы жарылыс: зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды

Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха қаласында газ баллонына жанармай құю станциясында болған жарылыстан кейін 4 адам ауруханаға түсті, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Термиялық күйікпен Шемонаиха аудандық ауруханасына төрт адам жеткізілген.

«Зардап шеккен екі ер адам орталық аудандық аурухананың реанимация бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы өте ауыр. Денесі мен беті күйіп қалған. Сондай-ақ 15-20% денесі күйіп қалған тағы бір ер адам мен әйел хирургиялық бөлімге жатқызылды, олардың жағдайы орташа ауыр дәрежеде», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Науқастардың барлығына керекті ем-шаралар жүргізіліп жатыр

«Сонымен қатар Шемонаихаға облыстың бас травматологы және бас реаниматологы осы пациенттерді емдеуге көмек көрсету үшін Өскемен қаласынан келді. Аудандық ауруханада денсаулық сақтау басқармасының басшысы да жүр», - дейді ведомство.

Еске сала кетейік, бүгін 22 маусымда Шемонайхада газ баллон толтыру бекетінда жарылыс болды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру