Шу ауданында 60 кг марихуана дайындаған шопан ұсталды
Жамбыл облысының Шу ауданында 51 жастағы шопан есірткі дайындап жатқан жерінен ұсталды.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, «Қарасора – 2023» жедел іздестіру кезінде Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы , ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлініс қызметкерлері Теа қызметтік итін пайдаланып, есірткі дайындаған азаматты ұстаған.
Күдіктіні тексеру кезінде одан 57 кг 140 грамм кептірілген марихуана, 4 кг 820 грамм гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ орылған қарасора қалдықтары бар орақ табылды.
Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаевтың айтуынша, ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ