присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Шымкент қаласының іргесінде 1 мың орындық питомник салынып жатыр

07 желтоқсан 2023 16:50
Шымкент қаласының іргесінде 1 мың орындық питомник салынып жатыр

2023 жылы Шымкент қаласындағы ит-мысықтарды аулап, күтіп-ұстауға бюджеттен 100 млн теңге бөлінген. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков айтты.

Бұл – қаладағы өзекті мәселенің бірі. Қазір Шымкент қаласының сыртында иесіз үй жануарларына арналған орын (питомник) салып жатырмыз. Алдағы уақытта оның құрылысы бітеді. Онда мың орын болады. Жалпы биыл бұл мәселені шешуге (жергілікті бюджеттен) 100 млн теңге бөлінген, - деді Ғабит Сыздықбеков ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Шымкентте жергілікті бюджеттен бұралқы иттер мен мысықтарды аулауға және жансыздандыруға 47,8 млн теңге, ал оларды күтіп-ұстауға 81,7 млн теңге қарастырылғаны хабарланды. Ветеринариялық қызметтің мәліметі бойынша, мегаполис аумағында иесі бар 100 мың ит пен 17 000 мысық тіркелген. Бұл дегеніміз қаладағы әрбір 10-шы тұрғынға бір жануардан келеді деген сөз.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру