присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Шымкентте 30 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

15 ақпан 2024 15:59
Шымкентте 30 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

Шымкентте 30 млн теңгенің есірткісі тәркіленді.

Арнайы іс-шаралар барысында ЕҚҚІҚБ-ның қызметкерлері қала аумағында психотроптық заттарды таратумен айналысқан 24 жастағы ер адамды ұстады. Одан жарты келі мефедрон және 25 бір реттік доза салынған орама табылды.

Азаматтың жалдамалы пәтерінде 1 келіден астам әртүрлі есірткі құралдары және оларды өлшеп орауға арналған заттар – таразы, бетперде, арнайы көзілдірік және т.б. табылды.

Тексеру кезінде оған есірткі құралдарын Алматы тұрғынының қалааралық такси арқылы жолдап тұратыны анықталды. Күдікті әйелді полицейлер көрші қаладағы тұрғылықты жерінен ұстады. Ол өз үйінде есірткі таблеткаларын дайындауға арналған зертхана ұйымдастырған екен. Одан 1,5 келі «синтетика» және басқа да есірткі түрлері табылды.

Әйелдің шымкенттік танысына тағы бір «сәлемдеме» жіберіп үлгергені белгілі болды. Смартфонның қорабына ол ЛСД психоактивті затын жасырып, такси арқылы салып жіберген. Алайда тәртіп сақшылары автокөлікті анықтап, есірткіні тәркіледі.

Қазір күдіктілер тергеу изоляторында. Полиция тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізіліп жатыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру