Шымкентте қараусыз қалған 5 жасар бала бассейнге батып кетті
Шымкенттегі фитнес-клубтардың бірінде қараусыз қалған бала бассейнге батып кетті.
2018 жылы туған баланың өлімі туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
29 қаңтарда 17:25-те жедел медицина қызметінен Шымкент қалалық ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасына балаларға арналған бассейнге 2018 жылы туған баланың батып кеткені туралы ақпарат түскен. Қайғылы жағдай KASEIT фитнес-клубында болған, – делінген хабарламада.
Полиция мәліметінше, қараусыз қалған бала тереңдігі 1,2 метр болатын бассейнге батып кеткен. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ