присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Шымкентте емхананың бас есепшісі сотталды

29 мамыр 2024 15:35
Шымкентте емхананың бас есепшісі сотталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Дене шынықтыру және спорт басқармасы емханасының бас есепшісіне қатысты қылмыстық істі қарады.

Тергеу органы есепшіні қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде басқа адамның сеніп тапсырылған мүлкін иеленді деп айыптады.

Сотта анықталғандай, емхананың бас есепшісі 1 жыл бойы қызметкерлердің шотына белгіленген жалақысынан асатын қаражатты есептеп салып отырған. Содан кейін ол осы артық жинақталған қаражатты досының банк картасына қайтаруды сұраған. Осылайша, бұл ақшаны өзі иемденіп, өз қажеттіліктеріне жаратқан.

Сотталушының әрекетінен мемлекетке 29 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Ол өз кінәсін ішінара мойындап, соттан бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Сот айыпталушының шын жүректен өкінуін, келтірілген зиянды ішінара өтеуін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Сотталушы ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2)-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру