присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Шымкенттегі ХҚКО шетелдіктерге толып кетті

25 мамыр 2023 14:10
Шымкенттегі ХҚКО шетелдіктерге толып кетті

Шымкенттегі халыққа қызмет көрсеу орталықтары шетелдіктерге толып кетті. Бұл туралы «Отырар» телеарнасы хабарлады.

Абай ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінің басшысы Азамат Жанысбаевтың айтуынша, бұрын азаматтар Қазақстаннан кетіп, кейін қайта беретін еді. Ал қазір әр тоқсан сайын тіркеуден өтіп, жұмыс берушімен жасалатын шартты создыруы керек. Бұрын олар еліміздің аумағы бойынша еркін жүріп-тұратын. Оның үстіне қазір жазда көптеген адам Қазақстанға жұмыс істеу үшін келеді.

Сонымен бірге ол базадағы ақауларға байланысты тұрғындар құжаттарын уақытылы рәсімдеп, ала алмай жатқанын ескертті.

Кезекте Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей азаматтары көп. Олардың арасында қазақстандықтар да бар. Кезек күтіп тұрғандар арасында үлкен кісілер, мүгедек жандар көптеп кездеседі.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру