присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Шымкенттегі Мұз сарайы мемлекетке қайтырылады – Антикор

18 маусым 2024 11:08
Шымкенттегі Мұз сарайы мемлекетке қайтырылады – Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласын бойынша депатраментінің басшысы Дәурен Ерғарин сот үкімімен Мұз сарайын сатып алу және сату шартының күші жойылғанын хабарлады.

Департамент қала прокуратурасымен бірігіп, Мұз сарайын мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдады. Биылғы жылдың 27 мамырында бірінші сатыдағы сот «Спорт сарайы» ЖШС үлесін жеке меншікке 128 млн теңгеге сатып алу-сату шартының күшін жойды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ, – деді агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин.

Бұған дейін хабарланғандай, Шымкент әкімдігі қаладағы ең ірі спорт кешенін 128 млн теңгеге сатып, Мұз сарайының 67 пайызы ел Үкіметінің қаулысына сәйкес әкімдіктің үлесінде болып келген еді. Электронды аукцион арқылы саудаға шығарылған нысанның бастапқы бағасы 996 млн 900 мың теңге болатын. 

Мұз сарайы – Шымкенттегі қысқы спорт түрлерімен шұғылдануға мүмкіндік беретін жалғыз орын. Бірақ мемлекетке үлкен спорт кешенін қамтамасыз ету оңайға соқпады.  Соңғы үш жылда  нысан 40 млн теңге шамасында зиян шеккен. Мекеме басшысы мұны коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуімен байланыстырған болатын. Енді Мұз сарайы мемлекет меншігіне беріледі.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру