присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Шымкенттіктерді 700 млн теңгеге алдаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары тергеліп жатыр

05 қыркүйек 2023 10:55
Шымкенттіктерді 700 млн теңгеге алдаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары тергеліп жатыр

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті қаржы пирамидасына басшылық жасады деген күдік бойынша «ПК Asar Baspana» компаниясының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Аталған компания жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген. Залал сомасы 700 млн теңгеден асады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, – делінген агенттік хабарламасында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру