Сирия президенті Қазақстанға гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты
Cирия президенті Башар Әл-Асад мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
Мемлекет басшысының атына Сирия президентінен жеделхат түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпанда болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтқаны жазылған.
Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды, – деп жазылған жеделхатта.
Бұған дейін Сирияға 160 млн теңгенің гуманитарлық көмегі жіберілетіні хабарланған.
БАҚ-тың хабарлауынша, Сириядағы зілзала салдарынан 6 мыңға жуық адам көз жұмған.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ