Сот есірткі заттарын таратқан 8 интернет-ресурсты жапты
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық соты есірткі заттарын таратқан интернет-ресурстардың қызметін тоқтатты.
Сотта анықталғандай, «Telegram»мессенджері мен «Instagram» әлеуметтік желісіндегі бірқатар парақша арқылы есірткіні SMS арқылы сатып алуға болатын сайттарға сілтемелер таратылған. Сатып алу нұсқаулары бар интернет-ресурстарда олардың сипаттамалары, артықшылықтары, кемшіліктер, тағы басқа қасиеті сипатталған.
Сонымен қатар, есірткіні, психотроптық заттарды және олардың аналогтерін республика аумағында тұтынушыларға тарату мүмкіндігін ұсынған. Бұл ретте сатушы мен сатып алушының физикалық байланысынсыз есірткіні жасырын және заңды түрде сату ұсынылған.
Сот уәкілетті органның талап қоюы бойынша аталған интернет-ресурстарда ақпарат таратуды заңсыз деп танып, олардың қызметін тоқтатты.
Соттың шешімі заңды күшіне енді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ