присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Су саласындағы бірқатар мамандардың еңбекақысы 25 пайыз өсті

06 маусым 2024 11:21
Су саласындағы бірқатар мамандардың еңбекақысы 25 пайыз өсті

1 мамырдан бастап Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі қызметкерлерінің айлығы орта есеппен 25 пайыз өсті. Атап айтқанда, еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін мамандардың айлықтары көбейді, деп хабарлады ведомство.

Министрлік кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасап жатыр. Мәселен, «Қазсушар» қызметкерлерінің еңбекақысы республикалық бюджеттен және тариф есебінен де кезең-кезеңімен көбеюде. Бұдан басқа, саладағы мамандар біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Биыл 450 маман арнайы курстардан өтуге тиіс, – деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Еске сала кетсек, биыл 1 қаңтардан бастап айлықтары тариф есебінен төленетін «Қазсушар» мамандарының еңбекақылары орта есеппен 23% көтерілген еді. Нәтижесінде кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы санының 47 пайызы жалақыға жарып қалған.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру