Су тасқыны: 5307 адам әлі эвакуациялау пункттерінде
ТЖМ су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10:00-дегі ақпаратты жариялады.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, еліміз бойынша 63 009 адам өз үйлеріне оралған. 5307 адам эвакуациялау пункттерінде.
Сондай-ақ 27.3 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылып, 8.1 млн астам қапшық және 1.5 млн астам тонна инертті материал төселген.
Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау облысынан басқа барлық өңілерде су тасқыны аяқталғанын хабарлаған болатынбыз. Елдегі су қоймалары 100 пайызға толуға жақын қалды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ