присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Түркістан облысында 9-сынып оқушысының өліміне қатысты екінші күдікті ұсталды

20 сәуір 2023 14:51
Түркістан облысында 9-сынып оқушысының өліміне қатысты екінші күдікті ұсталды

Түркістан облысының полицейлері суару арығынан мәйіті табылған қыз туралы тағы да тың деректерді жинады.

Еске сала кетсек, Ордабасы ауданында кеудесіне пышақ жарақаты салынған 9-сынып оқушысының мәйіті арықтан табылған болатын. Күдікті ретінде 11-сынып оқушысы ұсталды.

Одан кейін аталған оқиғаға қатысы бар деген екінші күдіктінің жеке басы анықталып, қамауға алынып отыр. Ол – жергілікті тұрғын, жас жігіт. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын оқиға орнында нақтылап көрсетті.

Бүгінде екеуі де қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады.

Тергеу ісі Түркістан облысы ПД басшылығының жіті бақылауында.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру