Түркияда тағы да жер сілкінісі болды
Сәрсенбі күні Түркияның шығыс бөлігінде 5,4 магнитудасымен жер сілкінді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығынан мәлімдеді.
Дерекке сәйкес, жерасты дүмпуінің ошағы 31,4 мың халқы бар Буланык қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 33 шақырым жерде орналасты. Тереңдігі – 60 шақырым.
Еске салайық, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 7,7 магнитудасымен жер сілкінісі болды. Зілзала соңынан жүздеген афтершок қайталанды. Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді.
Соңғы мәлімет бойынша Түркияда қаза болғандар саны 9 мыңнан асты, 52 мыңнан астам адам зардап шекті. Сирия денсаулық министрлігінің ақпаратына сүйенсек, елде кем дегенде 2,5 мың адам көз жұмды, 4,6 мың адам жарақат алды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ