Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 42,3 мыңнан асты
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқан адам саны 42 310 адамға жетті. Бұл туралы Түркия Үкіметі жанындағы табиғи апаттар және төтенше жағдайлармен күрес басқармасына (AFAD) сілтеме жасаған Анадолы агенттігі хабарлады.
Бұл ретте зілзаладан Каһраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адыяман, Османие, Хатай, Килис, Малатия және Элязыг илдерінің тұрғындары қаза тапқан. Ал апат аймағынан 448 018 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Қазір жер сілкінісі болған жерде AFAD, Түрік қарулы күштері, жағалау күзеті, өртке қарсы қызмет, үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық құрылымдарды қосқанда, барлығы 14 740 қызметкер құтқару жұмыстарымен айналысып жатыр.
Жалпы, жер сілкінісі болған жерде полиция, жандармерия, жедел жәрдем және басқа да мекемелердің қызметкерлерін есептегенде, 242 392 адам бар.
Қоқыс шығаруға 13 700 техника жұмылдырылды.
Ұлттық қорғаныс министрлігі мен жағалау күзетінің қолбасшылығы қызметкерлерді тасымалдау, гуманитарлық көмек және халықты эвакуациялау үшін 38 кеме берген. 301 289 шатыр орнатылды. Сонымен бірге, аймақта 6 375 модульдік үй тұрғызылған.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ