присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Талдықорғанда есірткі сатқан адамдар 10 жылға сотталды

29 мамыр 2023 14:55
Талдықорғанда есірткі сатқан адамдар 10 жылға сотталды

Талдықорғанда есірткі сатумен айналысқан екі азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Талдықорған қаласында есірткі сатқан адамдарға қатысты сот үкімі шықты

Сотталған азаматтар гашишті сату кезінде ұсталған. Екеуі де Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Яғни, адамдар тобында есірткі заттарын сату бойынша айыпталып, сотталды.

Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаевтың айтуынша, жыл басынан бері өңірдің полицейлері есірткі қылмысына қатысы бар 20-ға жуық күдіктіні ұстаған. Олардың арасында «синтетика», гашиш және марихуананы сатқан адамдар да бар. 10 адам есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін жауапқа тартылды. Заңсыз айналымнан 30 келіден аса түрлі есірткі заттары тәркіленді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру