присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Тамара Дүйсенова Қазақстанда кедейлер саны көбейгенін мәлімдеді

13 қаңтар 2023 16:40
Тамара Дүйсенова Қазақстанда кедейлер саны көбейгенін мәлімдеді

Биыл Қазақстандағы тұрмысы төмен азаматтардың саны 5,1 млн адамға өсті. Бұл туралы Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

Өткен жылы кедейлердің саны 4,9 млн адам болса, биыл 5,1 млн болды... Инфляцияның жоғары болуы азаматтардың табысын (көп бөлігін – авт.) алып қойып жатыр. Олар қаражатының көбін азық-түлік себетін алуға жұмсауда. Мысалы, 150 мың теңге десек, қазір осы ақшаның 60-70%-ы азық-түлікке жұмсалады. Осылайша, отбасының одан әрі дамуы үшін қалатын қаражат азайды. Әрине, бұл жағдай әрбір отбасының бюджетіне әсерін тигізеді, - деді Тамара Дүйсенова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бұған дейін министр депутаттың ұсынысына жауап берген еді.

5 желтоқсандағы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2025 жылдан бастап жаңа Әлеуметтік кодекс қабылданатынын айтты. Соған сай, кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің орнына медианды жалақы бойынша есептелетінін мәлімдеді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру