присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды

05 ақпан 2024 12:59
Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды

Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионатының жалауы көтерілді.

Чемпионаттың бірінші күні еліміздің атынан Айнұр Абдықалықова посмостқа шықты. Ол 45 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруде 62 келіні, ал серпе көтеруде 75 келіні басынан асырып, екі жаттығудың қорытындысы бойынша 137 келімен 4-орынға табан тіреді.

Солтүстік Кореяның спортшысы Вон Сим Хюн 192 (86+106) келіні көтеріп, Азия чемпионы атанды. Күміс жүлдені 163 (72+91) келі зілтемірді басынан асырған Сиривимон Прамонгхол (Таиланд) иеленді. Қола медальді Хонг Зи-Ю (Тайпей) жеңіп алды. Ол 162 келі (72+90) зілтемірді көтерді.

Алдағы күндері жарыс жолына тағы 6 отандасымыз шығады. Әйелдер арасында Арай Нұрлыбекова (87 келі) бақ сынаса, ерлердің бәсекесінде Сайрамкез Ақмолда (67 келі), Әлібек Рақымберді (81 келі), Александр Уваров (81 келі), Сергей Петрович (89 келі) пен Кирилл Староверкин (96 келі) ел насымын қорғайды.

Азия чемпионаты 10 ақпанға дейін болады. Мұнда Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпайлар үлестіріледі.

Жарысқа 34 елден 192 атлет қатысып жатыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру