Теміртауда пәтердегі өрт салдарынан 7 адам зардап шекті
Теміртауда бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 7 адамды күйік шалды.
Қарағанды облыстық ТЖД-ның мәліметінше, бүгін сағат 13:56-да Теміртау қаласында өрт туралы хабарлама түскен. Қаланың 6-шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында орналасқан пәтерде газ-ауа қоспасы тұтанып, кейін жану болған.
Өрт ТЖД күштерімен сағат 14:19-да сөндірілді. Жалпы ауданы 6 шаршы метрді құрады.
Пәтерде болған 7 адам (оның ішінде 5 бала) әртүрлі дәрежедегі күйік алған және улы газбен уланған. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.
Оқиға салдарынан пәтераралық қабырға, пәтердің кіреберіс есігі және кіреберістің терезе блоктары зақымданған.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ